23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘлеуметтік кодексті әзірлеу – халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін құру жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызды шешімдері мен нәтижелерінің бірі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік кодекс әр түрлі заңнамалық актілердің орнына әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі болмақ. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында сенатор Ләззат Қалтаева мәлімдеді.
Сенатордың айтуынша әлеуметтік кодекстің негізгі басымдықтары халықты жұмыспен қамтуды ынталандыру және азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.
«Жүргізілген реформалардың нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылады және әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлінеді», деді сенатор.
Жалпы Әлеуметтік кодексті қабылдау бірлескен жауапкершіліктің рөлін күшейтуге, әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларды шешуге, әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесіне алдын алу тәсілді енгізуге ықпал ететін болады.
«Әлеуметтік кодексті іске асырудан көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қорғалу дәрежесін арттыру, сондай-ақ олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау күтіледі», деді Ләззат Қалтаева.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады