7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астанада Халықаралық волонтерлер жылына дайындық аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұйымдастыру комитетінің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, күн тәртібінде жыл тұжырымдамасына қатысты негізгі мәселелер қаралды. Құжатта волонтерлік қызметтің Тұрақты даму мақсаттарына қосатын үлесін көрсететін басым бағыттар мен мақсат-міндеттер айқындалған.
Тұжырымдамаға сәйкес, жылдың бірыңғай идеологиялық «Бірге – тұрақты болашақ үшін!» ұраны белгіленді. Онда волонтерлердің Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы рөліне баса назар аударылады. Сонымен қатар, отырыс барысында алдағы кезеңге арналған негізгі стратегиялық құжат – Ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселесіне ерекше сөз болды.
Жиынға БҰҰ Еріктілер бағдарламасының штаб-пәтерінен келген делегация қатысты. Бұл – халықаралық қолдаудың жоғарғы деңгейде екенін айғақтайды.
Сапар аясында БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерімен жеке кездесу өтті. Онда Қазақстан мен БҰҰ арасындағы волонтерлік бағыттағы әріптестікті кеңейту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, волонтерлік қызметтің әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейтуге бағытталған Толық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мәселелері көтерілді.
Қазақстанның жаһандық әріптестермен белсенді диалогы еліміздің волонтерлікті дамыту арқылы тұрақты дамуға арналған жаһандық күн тәртібіне елеулі үлес қосуға дайын екенін көрсетеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?