Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының конференциясы өтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оның қолдану аясын кеңейту бағыты талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараға мемлекеттік органдар мен мекемелердің тиісті мамандары, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, ақын-жазушылар, тіл белсенділері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференцияның басты мақсаты – қазақ тілінің болашағы мен оның даму жолындағы жаңа бастамаларды талқылау болды.
Конференция барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы Алматы қалалық филиалының жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілепов тағайындалды. Болат Тілеповтың тағайындалуы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оны білім беру саласында тиімді қолдану жолында маңызды қадам болып табылады.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өзінің тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Qazaq Tili Endowment Qory құрылды. Бүгінгі таңда қордың жинаған сомасы 500 миллион теңгеге жуықтады, оның 100 миллион теңгесін белгілі меценат Дулат Тастекей аударған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары