30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыГрекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында ұйымның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дауыс беру нәтижесінде жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті атанды. Осылайша, Кирсти Ковентри ХОК-ті басқаратын алғашқы әйел басшы әрі аталған лауазымға сайланған бірінші Африка құрлығының өкілі болды.
Ал Халықаралық Олимпиадалық комитетін 2013 жылдан бері басқарған семсерлесуден Олимпиада чемпионы Томас Бах қызметінен кетті. Оның қызметтен кететінін биылғы ақпан айында ХОК Атқарушы комитеті қолдаған болатын. Дегенмен, Томас Бах өмір бойына ХОК-тің құрметті президенті болып сайланды.
Томас Бахтың өкілеттігін ресми түрде Кирсти Ковентриге тапсыру рәсімі 2025 жылы 23 маусымда өтеді.
Айта кетейік, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің кезекті сессиясында боксты 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасына қосу туралы шешім қабылданды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды