6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТуризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турниріне қатысу үшін елордаға келген Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Влад Маринескуді Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды.
Құрметті мейманды қарсы алу рәсімі қазақы дәстүрге сай ұйымдастырылды. Әуежайда Влад Маринескуға ұлттық тағамдар ұсынылып, ол қазақтың дәстүрлі ас мәзірінен дәм татты. Осылайша шетелдік қонақ қазақ халқының қонақжайлық мәдениетімен танысты.
«Болашақ ойындары – 2026» – дәстүрлі спорт, киберспорт, цифрлық технологиялар мен инновацияларды біріктіретін халықаралық деңгейдегі ауқымды турнир. Жарыс әлемнің түкпір-түкпірінен спортшыларды, киберспортшыларды және технология саласының өкілдерін бір алаңға жинамақ.
Айта кетейік, «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылатын бұл дода елдің халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу әлеуетін танытып, спорт пен жоғары технологиялардың жаңа бағыттарын дамытуға серпін береді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі