7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?14-15 желтоқсан аралығында Түркияның Стамбул қаласында дзюдо ережелеріне өзгеріс енгізу бойынша техникалық семинар өтті, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңа олимпиадалық маусымға арналған ережелердің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл өзгерістер спортшылардың әлеуетін ашып, дзюдоның негізгі құндылықтарын сақтай отырып, оның даму деңгейін жаңа биікке көтеруге арналған.
Техникалық семинардың қорытындысы бойынша "юко" ұпайы, белден төмен ұстау және "аюша" ұстау әдісі қайтарылды. Дегенмен, ережелер қолданысқа енгенде спортшылардың жаңа қағидаларға бейімделуі біраз уақытты алары сөзсіз. Бұл туралы дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов өз пікірін білдірді.
Ережелер жақсы жаққа өзгерген. Барлық әдіс-тәсілдердің қайта енгізілуін дұрыс деп есептеймін. Дегенмен, юко ұпайы керек емес секілді. Вазари мен иппонның өзі жеткілікті болар деп ойлаймын. Әрине, бастыпқы уақытта жаңа қағидалар спортшыларға қиындық туғызары анық. Дегенмен бапкерлер штабы осы ережелерге сай жаттығу жиындарын өткізеді. Балуандардың бейімделуіне бар күш жігерімізді саламыз,- дейді бас бапкер.
Екі күндік семинар қорытындысы бойынша жоғарыда аталған ережелер 2025 жылдан бастап қолданысқа енеді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?