6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОрталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Байқаушыларды акредиттеу жұмысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндады.
«Халықаралық байқау институты ашылғалы бері 9 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан жалпы 79 байқаушы тіркеуден өтті. Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан 4 байқаушыны тіркеуден өткізу ұсынылды. Оның ішінде Бельгия Корольдігінен 2 кандидатура, Қырғыз Республикасынан бір кандидатура, демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросында бір кандидатура бар. Бірақ Сыртқы істер министрлігі демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының бір мүшесі қатыса алмайтындығын айтты. Осыған байланысты бір кандидатура тіркеуден алынып тасталды», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, партиялық тізімдерді тіркеу кезеңі жергілікті уақыт бойынша 18 ақпан күні 18:00-де аяқталады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі