23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркістан облысына барған Мәжіліс депутаттары Қайрат Балабиев, Ерлан Әбдиев және Темір Қырықбаев Кентау қаласындағы нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттар «Кентау Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, №5 жылу-энергоорталығын қайта жаңарту жұмыстарының атқарылуын қадағалады.
Қаңтар айының басынан бастап сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізіп келеміз. Халықпен өткен жүздесулердің барлығында дерлік жылу жетіспейді деген шағымдар көптеп айтылуда. Тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып, Кентаудағы жылу-энергоорталығына кәсіпорынның бүгінгі қызметін арнайы көру үшін келдік. Орталықта төрт жылу қазандығы жұмыс істеп, жылу қуаты 60 пайыз ғана болып отыр. Бұл мәселені Кентау қаласының әкімдігімен партиялық құрылымдар арқылы тұрақты бақылауымызға аламыз. Халық жасаған төлеміне сай сапалы жылу алуы керек, – деді Қайрат Балабиев.
Жылу беруші ұйымның және кәсіпорындағы жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер ұйымның қызметін жіті бақылауда ұстау керектігі жөнінде депутаттар Ерлан Әбдиев пен Темір Қырықбаев та айтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік