2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБіріккен Ұлттар Ұйымы әр мемлекеттің халық санының шарықтау шегі қай кезеңдерге тұспа-тұс келетіні туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жайында islam.kz порталы жазды. «Әлем тұрғындарының келешегі» атты баяндамадағы мәліметтерге қарағанда, адамзаттың төрттен бірінен көбі халық саны азайып келе жатқан елдерде тұратын көрінеді.
Мәселен, өткен жылы Қытай, Германия, Жапония және Ресей халқының саны өзінің шарықтау шегіне жеткені мәлім болып отыр. Демографиялық болжам бойынша биыл 48 елде халық саны шарықтау шегіне жетпек. Бұл елдердегі халық саны адамзаттың 10 %-н құрайтын болады.
2054 жылға дейін Үндістанда, Пәкістанда, Нигерияда және Америка құрама штаттарында, сондай-ақ, 126 елде халық саны өсетін болады. АҚШ, Канада, Франция және Ұлыбритания сияқты елдерде халық саны көші-қон есебінен өседі, ал туудың жоғары көрсеткіші мен неғұрлым жас демографиялық құрылым Анголада, Сомали мен Нигерде халық санының өсуіне ықпал ететін негізгі факторға айналады.
Ал Пәкістан мен Нигерияда халық саны 2100 жылдан кейін де баяу өспек. Осы орайда мұндай болжам қазіргі туу коэффициенті, өлім-жітім деңгейі және көші-қон секілді көрсеткіштерге негізделген. Соғыс, жұқпалы індет, аштық, климат дағдарысы, әлеуметтік-экономикалық ахуалдар секілді туу көрсеткішіне сөзсіз әсер ететін өзге факторлар бұл болжамда ескерілген жоқ.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс