Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлімізде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бастамасымен елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын арттыруға бағытталған «Халық бақылауы» атты ауқымды жобасы жүзеге асуда. Бұл бастама азаматтарды қоғамдық бақылау жұмыстарына шақыру арқылы жолдардың сапасын жақсартуды көздейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоба жол инфрақұрылымының жай-күйіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтардың арасында ашық алаң болмақ. Тұрғындардың белсенді қатысуымен жолдағы ақаулар дер кезінде анықталып, оларды жедел жоюға, сондай-ақ халықтың шағымдары мен ұсыныстарына жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін болады. Бұл өз кезегінде жұмыстардың ашықтығын арттыруға ықпал етеді.
Әрбір азамат жол саласын дамытуға өз үлесін қоса алады. Ол үшін 1403 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласып, өтінім беру жеткілікті. Өтінім беру кезінде аты-жөні, байланыс деректері, тұрғылықты өңірі мен елді мекені көрсетілуі қажет. Жоба аясында құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жүргізіліп жатқан автожол нысандарына тұрақты түрде шығу жоспарланған. Нысандарға шығу кестесі мен жоба туралы толық ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланған,-делінген мәліметте.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары