12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Қазақстанның халық артисі» атағына ие мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақы мөлшері екі есеге ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазақстанның халық артисі» құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне базалық лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді. Қаулы жобасы бүгінгі Үкімет отырысында бекітілді.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап «Қазақстанның халық артисі» атағы қайта берілетін болды. Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады.
Құрметті атақ еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, осыған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне беріледі.
«Қазақстанның халық артисі» атағын қайта беру мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіруге, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға, жас буынның шығармашылық өсуіне және ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға ықпал етеді, - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер