2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ КСР-нің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова Алматы облысында дүниеге келген.
1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Қайраткер тұлға асыл өнерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетіп, өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрына аянбай қызмет етті. Актрисаның әсем дауысы, сұлу бейнесі мен шынайы сомдаған кейіпкерлері мәңгі халық жадында қалары сөзсіз. Ардақты жанның ғибратты ғұмыр жолы ешқашан ұмытылмайды. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – делінген министрлік хабарламасында.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс