Хаби Алонсоның сенімі: Дастан Сәтпаев «Челсидің» кеңейтілген тізіміне қалай ілікті?

Хаби Алонсоның сенімі: Дастан Сәтпаев «Челсидің» кеңейтілген тізіміне қалай ілікті?

Айзат Айдарқызы
Фото: «Челси» ФК

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамымен бірге Аустралияға аттанды. Бұл туралы «Челси» клубы Instagram парақшасында хабарлады. 

Қазақтың талантты ойыншысы Дастан Сәтпаев  «Челси» клубының негізгі құрамымен бірге маусымалды турнеге аттанды. Клубтың Instagram парақшасының Stories бөлімінде әуежайдан түсірілген видео жарияланды. Ұшаққа міну сәті көрсетілген кадрдан Дастан Сәтпаевты да байқауға болады. 

Сиднейдегі Accor Stadium стадионында «Челси» екі жолдастық кездесу өткізеді. 28 шілдеде лондондық клуб жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы ойнаса, 1 тамызда Англияның «Тоттенхэммен» кездеседі.

Жалпы, маусымалды турне аясында «Челси» төрт елде алты жолдастық матч өткізеді. 

«Челсидің» маусымалды турнесінің кестесі: 

@elkz_sport

Лондонның «Челси» клубы маусымалды оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Құрамға Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев та енді.

♬ оригинальный звук - elkz_sport

Турнеге қатысатын «Челси» ойыншылары: 

Қақпашылар: Роберт Санчес, Филип Йоргенсен, Шарман-Лоу, Керд.

Қорғаушылар: Палестра, Ачеампонг, Уэсли Фофана, Сарр, Тосин, Субулойе, Ансельмино, Леви Колуилл, Хато, Эменало.

Жартылай қорғаушылар: Ромео Лавия, Эссугу, Уолш, Келлиман, Уотсон.

Шабуылшылар: Коул Палмер, Гиттенс, Эстевао, Кавума-Маккуин, Дастан Сәтпаев, Николл-Джазули, Жоау Педро, Лиам Делап.

Неліктен Дастан Сәтпаев?

Жақында «Челси» клубы «Бромпли» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда ойын кезінде шабулшы Эммануэль Эмега жарақат алып қалды. Сол үшін маусымаралық турнеге қатыспайды. Ал Жеовани Кенданың не үшін тізімге ілікпегені жайлы әзірге мәлімет жоқ. Бірақ шетелдік дереккөздер бапкер Хаби Алонсоның Кендаға сенім артатынын, оны басқа клубқа жалға жіберу-жібермеуді маусымаралық турнеден кейін хабарлайтынын жазған. 

Ал футбол сарапшысы Дидар Есемов Дастан Сәтпаевтың осы мүмкіндікті пайдаланып, бапкердің көзіне түсуі керегін атап өтті. 

Дастан Сәтпаевтың турнеге баратын құрамға енуі – сөзсіз, жақсы белгі. Инсайдтарға сүйенсек, Дастан клубтың жақында өткен дайындық ойындарына да қатысқан екен. Дегенмен, асығыс қорытынды жасамаған жөн. «Челси» сияқты ірі клубтардың турнеге кеңейтілген құрамдағы ойыншыларды өзімен бірге алып кетуі – қалыпты жағдай. Негізгі құрамнан орын алу үшін Дастан жолдастық кездесулерде, ең дұрысы – алаңда нақты нәтиже көрсету арқылы (гол, ассист) бапкердің көңілінен шығуы тиіс. Хаби Алонсо жас ойыншыларға сенім артатынын білеміз. Сондықтан Дастан үшін басты міндет – берілген мүмкіндікті тиімді пайдалану, – дейді Дидар Есемов. 

Оқи отырыңыз

{