29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Хабар» агенттігі көрерменін тағы бір тың жобамен қуантқалы отыр. Бүгінде 7 миллионнан астам жазылушысы мен жылына 500 миллион қаралым жинайтын арна көшбасшылық орнын нық ұстап келеді. Енді олар тек дәстүрлі эфирмен шектеліп қалмай, YouTube аудиториясына да жаңа, қызықты контент ұсынуды қолға алды.
Сол жобалардың бірі – «Aзамат live» подкасты. Бағдарламаны журналист, жазушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Азамат Әбілқайыр жүргізеді. Бұл подкастта қоғамдағы өзекті мәселелер ашық әрі еркін форматта талқыланып, көп жағдайда эфирде айтыла бермейтін тақырыптар қозғалады. Көрермен бұрын көп айтыла қоймаған пікірлерді тыңдап, күнделікті өмірде байқала бермейтін жайттарға басқа қырынан қарауға мүмкіндік алады.
«Aзамат live»-тың басты ерекшелігі – шынайылығы мен батылдығы. Әр шығарылым шамамен бір сағатқа созылып, маңызды тақырыптар сарапшылар мен білікті мамандардың қатысуымен жан-жақты талқыланады. Бұл – жай ғана әңгіме емес, нақты сұрақтар қойылып, нақты жауап ізделетін алаң.
Алғашқы шығарылымның қонағы – белгілі автосарапшы Нұрбаев. Эфирде көпшілікті толғандырып жүрген сұрақтар қозғалады: Қытай көліктерін неге сату қиын? Таксиге шығып, несие жабу қаншалықты шынайы? 4% автонесие төңірегіндегі түйткілдер мен автолизинг саласындағы мәселелер де назардан тыс қалмайды. Алғашқы эпизод 2 мамыр күні көрерменге жол тартады.
«Хабар» бұл жобасы арқылы тек ақпарат беруді ғана емес, қоғамдағы шынайы жағдайды бүкпесіз көрсетуді мақсат етеді. «Aзамат live» – көрерменге құнды ақпарат беретін жаңа жоба.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек