Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыІздеуде болған көкшетаулық тұрғын Астана маңындағы құрылыста жұмыс істеген, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көкшетау полицейлері хабар-ошарсыз кеткен азаматтың орналасқан жерін Целиноград ауданы Қоянды кентінің аумағында анықтады. 33 жастағы ер адам 2023 жылдың 4 қаңтарында ата-анасымен сөзге келіп қалып, үйден кеткен, содан бері байланысын үзген. Бірінші айда туыстары оның орналасқан жерін достарынан білген, бірақ ақпан айында ол белгісіз кеткеннен кейін уайымдаған ағасы полицияға арыз жазған. Өтініш келіп түскеннен кейін бірден криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру ісін бастады, жоғалған адам туралы ақпарат жиналды, оның достары мен таныстарының шеңбері анықталды.
Полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың белгілерімен бағдарларды Ақмола облысы ПД барлық аумақтық бөлімшелеріне және көрші облыстардағы әріптестеріне таратты. Іздеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары Көкшетаудан хабар-ошарсыз кеткен Д. есімді азамат Қоянды ауылына келіп, құрылыс алаңында еңбек еткенін анықтады. Ақшасының болмауына байланысты ол ұялы телефонын сатуға мәжбүр болған, сөйтіп өзінің орналасқан жері туралы хабарлай алмаған.
Құқық қорғау органдары атап өткендей, азаматтардың туыстарының белгісіз бағытта жоғалып кету фактілері бойынша өтініштері мен хабарламалары күн сайын дерлік тіркеледі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары