Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек47 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант иегерлері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жаратылыстану-техникалық блок бойынша берілген ғылыми тағылымдамалар саны 28 стипендияны (60%), қоғамдық-гуманитарлық блок бойынша 19 стипендияны (40%) құрады.
Ведомство ғылыми тағылымдамаларға гранттарды бөлу кезінде ғылымды дамытудың басым бағыттарының біркелкілігі сақталғанын алға тартады.
Ғалымдар «инжиниринг және технологиялар», «денсаулық сақтау», «ауыл шаруашылығы және ветеринария», «жаратылыстану ғылымдары», «әлеуметтік ғылымдар», «гуманитарлық ғылымдар» және «өнер» бағыттары бойынша тағылымдамадан өтеді. Үміткерлер Harvard University, Queen 's University, University of Tokyo, Queen' s University Belfast сияқты әлемдік рейтингтер қатарына кіретін жоғары оқу орындарына түсті, - делінген мәліметте.
Тізім «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның bolashak.gov.kz ресми сайтында қолжетімді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?