13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҒылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына министр Саясат Нұрбек қатысып, ведомствоның алдағы жоспарларына тоқталды.
«Жаңадан құрылған министрліктің алдына Мемлекет басшысы үлкен міндеттер қойып отыр. Ғылым мен жоғары білім саласына қатысты барлық шешімдерді өздеріңіздің талқылауларыңызға ұсынамыз. Себебі Қоғамдық кеңестің жұмысы арнайы заңмен айқындалған. Құзіреті де жоғары. Жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескеріп, бізге қолдау көрсетеді деп сенеміз», – деді министр Саясат Нұрбек.
Отырысқа Қоғамдық кеңестің 17 мүшесінің 11-і офлайн, 6-уы онлайн қатысты. Дауыс беру арқылы ғылым және жоғары білім саласында, сондай-ақ қоғамдық кеңес жұмысын жүргізуде тәжірбиесі мол қоғам қайраткері Серік Ырсалиев Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.
Министрліктің салалық бағыты ескеріліп, 5 комиссия құрылды. Олардың төрағалары сайланды.
Жиын соңында 3 жылға сайланған Қоғамдық кеңестің төралқасы бекітілді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды