Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жеке қабылдауында азаматтардың білім және ғылым саласына қатысты сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Қабылдауға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Г.Көбенова қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтармен кездесу барысында жоғары білім алу, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, және ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ қабылдау аясында тұрғындар екінші жоғары білім алу тәртібі, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, шығармашылық мамандықтарға қабылдау тәртібі, докторантураға қабылдау мәселелерін көтерді.
Қабылдауға келген азамат екінші жоғары білім алу мүмкіндігі мен оны қаржыландыру жолдары туралы ақпаратты нақтылауға мүдделі болды. Мемлекет тарапынан екінші жоғары білім алуға арналған қолдау бағдарламалары, жеңілдіктер, сондай-ақ оны қашықтан оқыту мүмкіндіктері жайлы сұрады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары оқу орындарына түсуі және оқу процесіндегі кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ азаматтар шығармашылық мамандықтарға түсу емтихандарындағы өзгерістер және осы бағыттағы жаңа талаптар бойынша толық ақпарат алуды сұрады.
Азаматтар қосымша білім беру гранттары қалай бөлінетінін, оларды алу үшін қойылатын талаптарды және гранттардың мақсатты бағыттары жайлы нақтылау сұрақтарын қойды. Сонымен қатар олар гранттар санының өсу мүмкіндіктері туралы қызығушылық танытты.
Министр Саясат Нұрбек азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша заңды негізде түсініктеме берді. Ведомство басшысы тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, сала басшыларына осы мәселелерді шешу және жақсарту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары