23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күніне орай жас ғалымдарға Алматы қаласынан баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пәтер иегері атанған жас ғалымдар өз әсерлерімен бөлісіп, бұл қадам ғылымға деген ынта мен күш-қуатты арттыруға бағытталғанын айтып өтті. Генетика және физиология институтының ғылыми қызметкері Шолпан Бахтыбекқызы өзінің зерттеуіне тоқталып, баспана сертификаты үшін алғысын білдірді.
Бұл бізге ғылым жолында үлкен демеу болып отыр! - деді ол.
Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институтының кіші ғылыми қызметкері Анастасия Капытина баспана табысталғаны үшін зор ризашылық білдіріп:
Көрсетілген қолдау үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл – мүмкіндікке ие болған барлық жас ғалымдар үшін маңызды оқиға. Мен бұл қолдауға өте ризамын және бұл ғылыми қызметті жалғастыруға үлкен ынталандыру екенін айтқым келеді. Артылған сенім мен ғылымдағы еңбегіміз еленгені үшін рақмет! - деп атап өтті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік