Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды.
Қуан, Қазақ елі! Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев — Олимпия ойындарының қола жүлдегері! Білекті де жүректі балуанымыз ел мерейін асырып, сенімді ақтады! Ғұсманның өнерін арнайы барып тамашаладым. Өте мықты балуандармен бетпе-бет келді. Қара күші мен мінезінің арқасында осы деңгейге жетті. Олимпиадаға мықты спортшылар ғана қатысатынын ескерсек, қола да жақсы нәтиже. Париж төрінде Қазақ дзюдосының жаңа тарихы жазылып жатыр. Кеше Елдос Сметов чемпион атанды. Әбиба Әбужақынова жанкешті өнер көрсетті. Енді, міне, Ғұсман намысты қолдан бермеді. Жарайсың, Ғұсман!, - деді Ермек Маржықпаев.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?