23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 7-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
66 келіде ширек финалға дейін жеткен Ғұсман Қырғызбаев шешуші белдесуде тәжік балуаны Нурали Эмомалиге есе жіберді. Ал жұбабныш белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Хифуми Абэге юко әдісімен жеңілді.
Отандасымыз бүгін жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы белдесуінде Қытай балуанын жеңсе, екінші айналымда Израиль балуанынан басым түсті.
Аталған салмақта финалға тәжік және жапон балуандары шықты. Ал қос қола жүлдені Франция-Тәжікстан және Жапония-Куба балуандары сарапқа салады.
Венгрия астанасында 20 мамырға дейін жалғасатын әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс медальға ие болды. Сондай-ақ, Мағжан Шамшадин 7-ші орынға тұрақтады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік