Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыГүлбахыт Қайыржанова Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайыржанова Гүлбахыт Паралимпиада ойындарында найза лақтыру (F13 класы) бойынша 34.23 м нәтижесімен бесінші орын алды. Бірінші орынды Қытай спортшысы 47.06 м нәтижесімен иеленсе, екінші орынды Кулинис Сорокина (бейтарап туды ұстаушы) 36.56 м нәтижесімен алды, үшінші орын Австрия спортшысына 36.56 м нәтижесімен бұйырды, ал төртінші орынды Дабровольская Анна (бейтарап туды ұстаушы) 35.75 м нәтижесімен иеленді.
Айта кетейік, Паралимпиада ойындары 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Париж қаласында өтуде. Бүгін сондай-ақ пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов пен Севда Әлиева, пара таеквондошылар Нышан Омирали мен Нұрлан Домбаев және волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина командасымен кездеседі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары