23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Rockstar Games компаниясы GTA Online ойынына ойыншы жасын тексеретін жаңа жүйені енгізуге дайындалып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы DTF порталы жазды. Жүйе арқылы кәмелетке толмағандарға танымал ойынды ойнауға шектеу қойылуы мүмкін.
Алғашқы мәліметтер тамыз айының басында ойын файлдарынан табылған болатын. Қазір жүйенің интерфейсі көрсетілген скриншоттар да жарияланды.
Жаңа функция QR-код арқылы іске асады
Жас ерекшелігін тексеру QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асады деп болжануда. Алайда, нақты қандай сервис қолданылатыны әзірге белгісіз.
Алғаш болып бұл жүйе Ұлыбританияда іске қосылуы мүмкін. Себебі елде балалардың интернет қауіпсіздігіне байланысты жаңа заң қабылданған. Spotify секілді бірнеше платформа осы талаптарға бейімделе бастады.
GTA Online — жасы 18-ден асқан қолданушыларға арналған
GTA Online 2013 жылдың 1 қазанында шыққан және бүгінде көптеген танымал ойын платформаларында қолжетімді. Көп елдерде ойынға 18+ жас шектеуі қойылған. Сондықтан жаңа жүйе енгізілсе, GTA Online ойынына кәмелетке толмағандар мүлде кіре алмайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік