23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?2025-2026 оқу жылына Грузияның жоғары оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан азаматтарына 5 грант ұсынылып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде:
2 грант — бакалавриат,
2 грант — магистратура,
1 грант — докторантура бағдарламасы үшін бөлінген.
Құжаттар 26 мамырға дейін қабылданады. Өтінімдерді eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығына» тікелей барып тапсыруға болады.
Іріктеу онлайн сұхбат арқылы жүргізіледі. Үміткерлердің құжаттарын сарапшылар қарап, қорытынды шешім қабылдайды.
Егер бірнеше үміткердің ұпайы тең болса, жетім балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан немесе мүгедектігі бар жастарға, сондай-ақ ауылдық жерден келген үміткерлерге басымдық беріледі.
Мамандықтар тізімі мен толық ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік