29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПарижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грузин дзюдошысы екінші рет чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Токиода чемпион болған Лаша Бекаури жетістігін Парижде тағы қайталады. Ол 90 келіде финалдық белдесуде жапониялық Санчиро Мураоны айқын ұтты.
Грузиялық дзюдошы Олимпиада турнирінде төрт кездесу өткізді. Жарысты екінші айналымнан бастаған ол бірінші белдесуде болгариялық Ивайло Ивановты, ширек финалда оңтүстіккореялық Джуйоп Ханды, жартылай финалға шығар жолда Испания өкілі Тристани Мосахлишвилиді ұтты. Финалдық белдесуде ұтылып жатып, қарсыласынан соңғы минутта жеңіске жетті. Бекаури өз елінің тарихында дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған алғашы спортшы болып отыр.
Париж Олимпиадасында Грузия құрамасы жалпыкомандалық есепте Жапониядан кейін бір алтын, бір күміс медальмен екінші сатыға көтерілді. Ал осыған дейін тізімде екінші тұрған Қазақстан құрамасы үшінші орынға төмендеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек