6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШвециялық экобелсенді Грета Тунберг Испаниядан Газа секторына аттанатын жаңа «көмек флотилиясында» болатынын растады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, мұндай миссиялар мемлекеттер халықаралық құқықты қорғауда жеткілікті әрекет етпегендіктен қажет болып отыр.
Флотилияны Global Sumud Flotilla ұйымы ұйымдастырып жатыр. Қатысушылардың мұндағы мақсаты – гуманитарлық көмекті жеткізу және Газаға тұрақты гуманитарлық дәліз ашуға бағытталған.
Ұйымдастырушылар мұны тарихтағы ең ауқымды ынтымақтастық миссиясы деп атады. Дегенмен, Израиль бұған дейін бірнеше рет осындай бастамаларды тоқтатқан еді.
22 тамызда БҰҰ Газа секторында ашаршылық басталғанын мәлімдеп, Израильді гуманитарлық көмекті жеткізуге кедергі келтіріп отыр деп айыптады. Ал Израиль бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.
Қақтығыс 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасуда. БҰҰ дерегінше, Газа секторындағы гуманитарлық жағдай әлі де катастрофалық деңгейде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі