Грекиядағы аралды өртегендердің кім екені анықталды

24 Маусым, 12:36 5594

News Break басылымы Идра аралындағы орманды өртегендер Пәкістан азаматтары болуы мүмкін деген ақпарат таратты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бұған дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров яхтада бұзақылық жасағандар арасында қазақстандықтардың жоқ екендігін алға тартқан.

Грек басылымы аралды өртеді деген күдікпен Пәкістан азаматтары ұсталғанын мәлімдеді.

Жаңа мәліметтер былай дейді: қымбат яхтаны 17 шетел азаматы жалға алған, олардың барлығы Пәкістан азаматтары, - делінген News Break таратқан ақпаратта.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: