29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыГрекияда жүк және жолаушылар пойыздары соқтығысып 16 адам қаза болды, кемінде 85 адам жараланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Апат сейсенбі күні кешке Ларисса қаласының маңында болды. Жолаушылар пойызы Афинадан Салоникаға бағыт алған. Ал сол жолда оған қарсы Салоникадан Лариссаға бара жатқан жүк пойызы болған.
Пойыздардың неге бір жолда болғаны белгісіз. 350 жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетіп, вагондар өртеніп кеткен.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі пойыздың дөңгелектері мен басқа да бөліктері он метрдей жерге ұшып кеткен.
«Қақтығыс өте күшті болды», - деді Фессалия аймағының губернаторы Константинос Агорастос.
Оның айтуынша, жолаушылар пойызының алғашқы төрт вагоны рельстен шығып кеткен. Ал бірінші және екінші вагондар толығымен өртенген.
Skai телеарнасының хабарлауынша, ауыр жарақат алмаған жолаушылар эвакуацияланған. Ал жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек