Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстандық балуан Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ибрагим Магомадов 77 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.
Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан иорданиялық Амро Садеден басым түсті.
Сондай-ақ, 87 келі салмақта Шамиль Ожаев та қола медаль үшін сынға түседі.
130 келі салмақта Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалында бақ сынайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ербол Қамалиев (55 келі) өзбекстандық Ихтиёр Ботировқа жол берсе, Сұлтан Әсетұлы (63 келі) солтүстіккореялық Чан Кимге есе жіберген болатын.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар