23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтауда 100-ден астам адам университеттен грант алып беремін деген алаяқтарға алданып, ақша берген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақтаудағы Yessenov университетінде жанжал шықты. Белгісіз біреулер өздерін университет қызметкерімін деп таныстырып, ата-аналарға белгілі бір сомаға балаларына мемлекеттік грант алып беруге уәде берген. Алайда оқу жылы басталғанда, олардың балалары студенттер тізімінде мүлдем жоқ болып шыққан. Бір топ ата-ана университет басшылығына келіп, жағдайды түсіндіруді талап етті.
Yessenov университетінің баспасөз қызметі ата-аналардың оқу орнына еш қатысы жоқ алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлады.
Қызметтік тексеріс жүргізіліп, әр ата-анаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс бойынша университет тарапынан да полицияға арыз түсті. Қазіргі уақытта полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік