Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана қаласында 34 жастағы ер адам қолға түсті. Ол абитуриенттерге бакалавриат пен магистратураға грантқа түсіріп беремін деп уәде беріп, ақшаларын иемденген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алаяқ құрбандарын таныстары арқылы тауып отырған. Телефон арқылы сенімді сөйлеп, оқуға кепілдікпен қабылдатамын деп сендірген. Әр "қызметі" үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Кейбір жәбірленушілер қаражатты делдалдар арқылы бергеннен кейін, күдікті біржола байланысқа шықпай кеткен. Мәселен, бір тұрғын оған 1 миллион теңгесін беріп алданып қалған.
Қазіргі таңда оның жеке басы анықталып, қамауға алынды. Тергеу барысында 25-тен астам жәбірленушінің бар екені белгілі болды. Қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қазақстандықтарға ескерту жасайды: мемлекеттік гранттар тек әділ конкурс арқылы бөлінеді. "Таныс арқылы" немесе заңсыз жолмен оқу орнына түсу мүмкін емес. Мұндай әрекеттер қаржылық шығынға ғана емес, заң алдындағы жауапкершілікке де әкеп соғады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар