Грант нәтижелері 10 тамызға дейін шығады: тізімді қайдан көруге болады?

Грант нәтижелері 10 тамызға дейін шығады: тізімді қайдан көруге болады?

Көктем Қарқын
Фото: AI көмегімен жасалды

Қазақстанда мемлекеттік білім беру гранттары конкурсының қорытындысы 10 тамызға дейін жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, талапкерлер мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімімен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми ақпараттық ресурстары арқылы таныса алады. Атап айтқанда, тізім министрдің Telegram, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ жеке сайтында жарияланады:

Сонымен қатар грант иегерлерінің тізімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты, Telegram арнасы, Facebook және Instagram парақшаларында да орналастырылады:

ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысты

Еске салайық, 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтті. Осы уақыт ішінде тестілеуге 233 мың талапкер қатысып, екі мүмкіндік аясында емтихан 422 мың рет тапсырылды.

Талапкерлердің 73,1 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырса, 26,8 пайызы орыс тілін таңдаған. Тағы 383 адам тестілеуді ағылшын тілінде тапсырды.

Шекті балды 177 мыңға жуық талапкер жинады

Министрліктің мәліметінше, негізгі ҰБТ қорытындысы бойынша 177 мыңға жуық талапкер шекті балл жинаған. Бұл тестілеуге қатысушылардың жалпы санының 76 пайызын құрайды.

Грант конкурсының нәтижелері жарияланғаннан кейін талапкерлер өздерінің мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алған-жалмағанын министрдің ресми парақшаларынан немесе Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарынан біле алады.

Оқи отырыңыз

{