20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміз бойынша мемлекеттік грант конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр. Оның ішінде Алматыға 38 мың, Астана 20 мың және Шымкент 6 мың түлек өтініш берген.
Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (25 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (13 мың) қалып отыр.
Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» - 11 мың. Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» - 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Шет тілі мұғалімдерін даярлау», оны 4 мың талапкер таңдаған.
Талапкерлердің грант конкурсына өтініштерін қабылдау барлық өңір бойынша 24 шілдеге дейін жалғасады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?