Грант алуға мүмкіндік: тамыздағы ҰБТ қашан басталады және кімдер қатыса алады?

Грант алуға мүмкіндік: тамыздағы ҰБТ қашан басталады және кімдер қатыса алады?

Аян Қайырбаев
Фото: gov.kz

25 шілдеден бастап тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау басталады. Бұл тестілеу жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге немесе бұрынғы нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді. Тамыздағы ҰБТ-ның ерекшелігі қандай және оған кімдер қатыса алады? EL.kz тілшісі тарқатады.

Тамыздағы ҰБТ кімдер үшін өткізіледі?

Тамыз айындағы ҰБТ-ға өтініштер 25 шілде мен 5 тамыз аралығында қабылданады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы немесе UTO.kz мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Ал тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.

Бұл тестілеу ең алдымен жоғары оқу орнына ақылы негізде түскісі келетін талапкерлерге арналған. Сондай-ақ:

Бұл талапкерлерге өз мүмкіндігін тағы бір мәрте сынап көруге жол ашады. Тестілеуге:

Өтініш беру кезінде талапкерлер ҰБТ тапсыратын қаланы, тестілеу өтетін пунктті, күнін және уақытын өздері таңдай алады. Бұл жүйе талапкерлерге өз кестесіне ыңғайлы уақытты белгілеуге мүмкіндік береді.

Колледж түлектеріне қандай мүмкіндік бар?

Егер колледж түлегі өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында білімін ақылы негізде жалғастыруды жоспарласа, кей жағдайда ҰБТ тапсырмай-ақ оқуға түсе алады.

Мұндай жағдайда қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Соңғы шешімді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Тамыздағы ҰБТ – негізгі тестілеуде қажетті нәтижеге қол жеткізе алмаған талапкерлер үшін қосымша мүмкіндік. Сонымен бірге бұл кезең мамандық бағытын қайта қарап, бейіндік пәндерін өзгертуге немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге жол ашады.

Сондықтан талапкерлерге өтініш қабылдау мерзімін өткізіп алмау, қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, тестілеу күні мен орнын уақытылы таңдаған жөн.

Оқи отырыңыз

{