Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҒылым және жоғары білім министрлігі грант алғаннан кейін жоғары оқу орнына тапсырылатын құжаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Грант куәлігін grant.testcenter.kz https://grant.testcenter.kz/search сайтынан жүктеп алуға болады. Одан кейін 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-ларға құжат тапсыру керек.
Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттар:
- жеке куәлік;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом;
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
- білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда);
- жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Айта кетері, ұлттық бірыңғау тестілеуден аз балл жинап, грант ала алмаған жағдайда тегін оқуға түсуге де болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?