13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстандық дзюдошы Мағжан Шәмшадин Загребте (Хорватия) өткен Grand Slam сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды EL.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 60 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Финалда Шәмшадин кореялық Вон Джим Кимнен басым түсті. Балуандар ұзақ уақыт бір-бірін ала алмай жүрді. Аяғанда Ким үшінші рет ескерту алып, Шәмшадин жеңімпаз атанды, ал Корея өкілінің күміс медальды місе тұтуына тура келді.
Бұған дейін Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Елдос Сметов те өз ойынын сенімді жеңіспен бастаған болатын.
Ол алғашқы айналымда Олимпиаданың екі медалінің иегері Түркиядан келген Эйдер Тоқтаймен кездесті. Спортшылар бірнеше ескертулермен ерекшеленді, бірақ тиімді әдісті қабылдау мүмкін болмады.
Алайда, негізгі уақыт аяқталғанға дейін Сметов, Тоқтайды таза жеңіс "иппон" әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.
Келесі раундта ол Израилдік Рональд Коколаевқа қарсы күреседі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды