22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен Дулығы бәсекесі аяқталды. Жылдың қорытынды додасында Қазақстан құрамасы бір медальге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Ғалымжан Қырықбай қола медаль үшін жекпе-жекте чех Лукас Крпалектен басым түсті. Іріктеуде америкалық Кристиан Коновалды жеңгенімен, кейін жапон Кокоро Кагюрадан ұтылып қалды. Жарыс қожайыны финалға шыққандықтан Ғалымжан жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. Онда моңғолиялық Цеценсенгель Одхууды ұтты.
Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақтағы Нұрлыхан Шархан да қола медаль үшін күрескен. Алайда қазақ дзюдошысы жұбаныш кездесуінде германиялық Джордж Удсилауриді ұтқанымен, жүлде жолында жарыс қожайыны Котаро Уеокаға жол берді.
Бүгін татамиге шыққан қалған спортшыларымыздың нәтижесі:
Абиба Абужакынова (-48 кг) бірінші кездесуінде Тайпэй спортшысына есе жіберді. Осы салмақтағы Ғалия Тынбаева 1-кездесуін кәріс спортшысын ұтып, екінші кездесуде жапон спортшысына есе жіберді. Жұбаныш белдесуде Оңтістік Африка спортшысынан айласын асыра алмады. Гаухар Ирмағанбетова (-52 кг) 1-кездесуде Канада спортшысына есе жіберді. Толғанай Әбеуова (-52 кг) 1-кездесуінде Гонконг спортшысын ұтып, сосын жапон спортшысына есе жіберді.
Аруна Жангельдина (-78 кг) алғашқы жекпе-жекте кәріс спортшысына есе жіберді. Камила Берліқаш (+78 кг) алғашқы қарсыласы жапон спортшысынан ары аса алмады.
Мағжан Шамшадин (-60 кг) мен Есет Куанов (-66 кг) алғашқы айналымда жапон дзюдошысынан ұтылып қалды. Ал Бекарыс Садуақас (-100 кг) та 2-кезеңде жарыс қожайынына есе жіберді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев