Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлан-Батырда (Моңғолия) дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Жарыс 19-21 маусым аралығында жалғасады.
Бұл дода – 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі алғашқы турнир. Десе де қазақстандықтар алғашқы жарыс күні жүлдесіз қалды. Осы турнирде Диана Бүркеева (48 кг), Ғалия Тынбаева (48 кг), Мағжан Шамшадин (60 кг), Аман Бақытжан (60 кг), Нұрқанат Серікбаев (66 кг), Ақжігіт Насыр (66 кг), Аружан Ережепова (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Дина Мұханбет (57 кг) ел намысын қорғады.
Отандастарымыздың арасында ең үздік нәтижені Диана Бүркеева (48 келіге дейін) көрсетті. Ол жұбаныш белдесуіне дейін жетіп, испан Абелинда Мартинеске есе жіберді. Осы салмақ дәрежесінде Ғалия Тынбаева екінші айналымда француз Ширин Буклиден жеңіліп қалды
Ерлер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин алғашқы белдесуінде италиян Бьяджо Анджелодан жеңілсе, Аман Бақытжан екінші айналымда грузин Георгий Сардалашвилиге жол берді.
66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Ақжігіт Насыр жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады. Серікбаев әзербайжан Руслан Пашаевтен жеңілсе, Насыр моңғол Эрхэмбаяр Баттогтохқа есе жіберді.
Әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта Аружан Ережепова алғашқы белдесуінде моңғол Гал-Од Цэрэнтогтохтан жеңілді. Ал 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова түрікмен Майса Пардаевадан ұтылса, Дина Мұханбет Ирина Зуеваға жол берді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары