23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Израиль, Түркия, Орталық Азия мен Кавказдағы мемлекеттік саясат мәселелері және мемлекеттік органдармен өзара байланыс бойынша Google компаниясының өңірлік директоры Ноа Лоффлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында тараптар өзара байланыстың басым бағыттарын талқылады. Аида Балаева министрлік адами құндылықтарды насихаттап, халықтың цифрлық және құқықтық сауатын арттыратын, сондай-ақ балалардың онлайн ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға ерекше назар аударатынын атап өтті. Отырыста Google компаниясының Қазақстандағы ресми өкілін бекіту мәселесі де жеке қаралды.
Google-мен ынтымақтастық Қазақстандағы цифрлық мәдениет пен қауіпсіздіктің дамуына ғана емес, сондай-ақ технология саласындағы халықаралық диалогты нығайтуға да ықпал етеді деп санаймыз. Қазақстан ашық әрі жүйелі өзара байланысқа дайын, - деп атап өтті мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Кездесу барысында контентті модерациялау мәселелері де талқыланды. Аида Балаева қолданыстағы тетіктердің аса тиімді емес екенін жеткізді. Осыған байланысты Google командасының Астанаға сапары аясында ҚР МАМ мен оған бағынысты ұйымдар қызметкерлеріне заңсыз контентті жою бойынша воркшоп ұйымдастырылады.
Сонымен қатар кездесуде Қазақстанда Google компаниясының ресми кеңсесін ашу перспективалары талқыланды. Қазақстан экономикасы мен қолайлы инвестициялық ортасы бар, қарқынды дамып келе жатқан өңірлік көшбасшы ел ретінде қарастырылуда.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады