28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПавел Дуров Google мен Amazon-ға балама бола алатын жаңа Cocoon платформасының іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Telegram-дағы жазбасында ол Cocoon-ды толық орталықсыздандырылған және жоғары құпиялылықты қамтамасыз ететін есептеу желісі ретінде таныстырды.
Біздің орталықсыздандырылған, жеке есептеу желіміз Cocoon іске қосылды. Платформа пайдаланушылардың алғашқы жасанды интеллект сұраныстарын 100% құпия түрде өңдеп жатыр. GPU иелері қазірдің өзінде TON ала бастады. https://cocoon.org сайты жұмыс істеп тұр, барлық құжаттама мен бастапқы код қолжетімді, – деп жазды Павел Дуров.
Оның айтуынша, Amazon мен Microsoft сияқты орталықтандырылған есептеу провайдерлері арадағы қымбат делдалға айналып, қызмет құнын арттырып, деректер құпиялығын төмендетіп отыр. Ал Cocoon осы экономикалық және құпиялылық мәселелерін шешуді мақсат етеді.
Павел Дуров жақын уақыттағы жоспарларын да атап өтті.
Масштабтауға келсек, алдағы апталарда біз GPU қуатын күшейтіп, Cocoon-ға көбірек әзірлеушілерді тартамыз. Telegram пайдаланушылары 100% құпиялылыққа негізделген жаңа AI мүмкіндіктерін көре алады. Cocoon бақылау мен құпиялылықты пайдаланушыларға қайтарады, – деді Telegram-ның негізін қалаушы және TON экожүйесінің авторы.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?