Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліGoogle компаниясы Gemini 3 атты жаңа чат-бот моделін таныстырды. Корпорация бұл жүйені әлемдегі ең озық мультимодальді платформа деп атап, оның бәсекелестерінен айтарлықтай алда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Видеотаныстырылым компанияның YouTube арнасында жарияланған.
Gemini 3 интернеттегі кез келген ақпаратты – мәтін, сурет, видео, аудио – бәрін өңдей алады. Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа модель сұрақтарға бұрынғыдан да нақтырақ жауап беріп, қолданушыға күнделікті өмірін жоспарлауға көмектеседі.
Ал ең үлкен серпіліс Gemini 3 Deep Think нұсқасында байқалады. Бұл режимде нейрожелі сұраныстарды тереңірек талдап, тестілеулерде, ғылыми зерттеулерде және күрделі математикалық есептеулерде ең әсерлі нәтижелер көрсетеді.
Gemini 3 қазірдің өзінде осы аттас қосымшаға жазылған барлық қолданушыларға қолжетімді. Жақын уақытта модель Google іздеу жүйесіне де енгізілмек.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс