7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Гонконг билігі өрттен қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасыларына арнайы өтемақы тағайындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
South China Morning Post мәліметінше, қайтыс болған әр адамның туыстарына 200 мың гонконг доллары (шамамен 25,7 мың АҚШ доллары) және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Ал зардап шеккендердің әрқайсысы бұған дейін уәде етілген 10 мың гонконг долларынан бөлек, қосымша 50 мың гонконг доллары көлемінде (6,4 мың АҚШ доллары) жәрдемақы алады.
Бұдан өзге, әр отбасыға күнделікті мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік қызметкер бекітіліп, барлық зардап шеккендерге уақытша баспана тегін ұсынылады.
Өрт сәрсенбі күні Тай По ауданындағы Wang Fuk Court деп аталатын сегіз мұнаралы тұрғын үй кешенінде басталған. Құрылысшылар орнатқан бамбук қаңқалары жалынның жеті ғимаратқа тез таралуына себеп болған. Бір ғана үй зардапсыз қалған. Кешенде шамамен 2 мың пәтер бар, онда 4 мыңға жуық адам тұрады.
Осы оқиғаға байланысты Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз комиссиясы тергеу жүргізіп, бұған дейін сегіз адамды ұстағанын хабарлаған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?