2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайОңтүстік Африкада әлемдегі алғашқы ашық гомосексуал имам Мухсин Хендрикс қастандықпен өлтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстік Африкада әлемдегі алғашқы ашық гей имам ретінде танылған Мухсин Хендрикс атып өлтірілді. 57 жастағы діни қызметкер Кейптаунда маргиналды мұсылмандар үшін қауіпсіз баспана саналатын мешітті басқарған.
15 ақпан күні таңертең Хендрикс пен жүргізушісі Хейли-Плейде көлігімен келе жатқан. Кенеттен Hilux көлігі олардың жолын бөгеп, қашып кетуіне мүмкіндік бермеді.Бетін жауып алған екі күдікті автомобильден түсіп, көлікке оқ жаудырған. Бейнебақылау камерасынан алынған кадрлардан Хендрикстің отырған көлігі жол жиегіне шығып кеткені және шабуылдаушылардың қашып кетуіне кедергі жасағаны көрінеді. Полиция мәліметінше, Хендрикс артқы орындықта отырған.
Халықаралық ILGA ұйымының атқарушы директоры Джулия Эрт билік органдарын бұл қылмысты "жек көрушіліктен жасалған қылмыс" ретінде тексеруге шақырды.
Ол Оңтүстік Африкада және бүкіл әлемде көптеген адамдарға өз сенімін табуға көмектесті, – деді Джулия Эрт.
Хендрикстің өлімі лесбияндық үйлену тойына қатысқаннан кейін орын алды деген болжам бар. Дегенмен, бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.
Мухсин Хендрикс 1996 жылы өз сексуалдық бағдарын ашық мәлімдеп, Кейптаудағы мұсылман қауымын таңғалдырды. Ол инклюзивті әл-Гурбаа мешітін құрмас бұрын, The Inner Circle ұйымын құрды. Хендрикс 2022 жылы шыққан "Радикал" деректі фильмінде өзі тап болған қауіп-қатерлер туралы ашық айтты.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат