30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыSPN телеарнасының сайтында барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Sports.kz сайты мәлімдеді.
Рейтингіде орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының орындары өзгерген жоқ.
Үздік «үштік» те өзгеріссіз қалды: тізімде бірінші орында WBC әлем чемпионы Джермалл Чарло есімі тұрса, екінші орында WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Головкин мен Деметриус Андраде орналасқан. Әлімханұлына келсек, ол британдық Дензел Бентлимен жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBO әлем чемпионы атағын сәтті қорғағанымен, тізімде төртінші орында қалды.
ESPN орта салмақтағы толық рейтингі келесідей:
1. Джермалл Чарло (АҚШ)
2. Геннадий Головкин (Қазақстан)
3. Деметриус Андраде (АҚШ)
4. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
5. Риота Мурата (Жапония)
6. Хайме Мунгиа (Мексика)
7. Крис Юбанк кіші (Ұлыбритания)
8. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
9. Эрисланди Лара (Куба)
10. Эскива Фалькао (Бразилия)
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды