30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыХалықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындағанын ресми түрде жариялауына орай Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҰОК-не сілтеме жасап.
ХОК-нің уақытша мойындауы – маңызды жетістік және біздің спорт дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді. Бұл шешім боксты Олимпиада ойындарында сақтау жолындағы мақсатымызды тағы бір қадам алға жақындатады. Мен World Boxing-ті қолдайтын барлық адамдардың үздіксіз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Болашақ спортшылар мен болашақ чемпиондар үшін біздің ортақ мақсатымыз – адалдық пен бейтараптық қағидаттарына негізделген Халықаралық федерация құру. Барлық мақсаттарымызға жету үшін әлі де көп жұмыс істеуіміз керек, сондықтан біз осы жетістігімізбен шектелмейміз" – деді Геннадий Головкин.
Айта кетейік, World Boxing Олимпиадалық комиссиясы 2024 жылдың қыркүйек айында ХОК-пен өзара іс-қимыл жасау және боксты Олимпиада бағдарламасына қайтаруға ықпал ету мақсатында құрылған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды