Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жұмыс сапарымен Лос-Анджелестегі (АҚШ) 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетіне барды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу аясында ойындарға қатысатын спортшыларға жасалатын жағдайлар, сонымен бірге Қазақстан мен АҚШ арасындағы спорт саласы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Олимпиадалық инфрақұрылым және ұйымдастыру комитеті спортшыларға ұсынып отырған жағдайлар тақырыбына назар аударылды. Қазақстан ҰОК басшысы алдағы Олимпиада ойындары тарихтағы маңызды кезең болатынына және халықаралық спорттық байланыстарды нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне уақыт бөліп, мультиспорттық оқиғаны өткізуге қатысты өзекті әрі мазмұнды ақпарат ұсынғанына алғыс білдіреміз. Ұйымдастыру комитетіне келгеніміз біздің нәтижелі ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді білдіреді,- деді Геннадий Головкин.
Алдағы Олимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті Қазақстан делегациясына жарыстар кезінде қолданылатын басты инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде Олимпиада ауылы мен спорттық ареналарды көрсетті.
2028 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының өкілдері ірі спорттық шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесін бөлісіп, бұл процесске енгізілген инновацияларға назар аударды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары