23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Голливуд продюсері және визуалды эффектілер бойынша танымал маман Джефф Ольм Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бейнероликке назар аударып, оны өз әлеуметтік желілерінде бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Джефф Ольм — киноиндустрияда 35 жылдан астам тәжірибесі бар танымал сарапшы. Оның портфолиосында Titanic, The Lord of the Rings, Harry Potter, The Fifth Element, Avengers, Guardians of the Galaxy және Spider-Man сияқты 100-ден астам голливудтық блокбастер бар. Ол Disney, Marvel, DreamWorks, Sony, Warner Bros. және Universal сияқты студиялармен жұмыс істеген.
Джефф Ольм тек голливудтық студиялармен жұмыс істеп қана қоймай, NFL, NBA және MLB үшін виртуалды және кеңейтілген шынайылық жобаларын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ жас режиссерлер мен операторларға тәлімгерлік етеді.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда атап өтіледі. Бұл күні ел бойынша патриоттық іс-шаралар, флешмобтар және елдің тәуелсіздігі, бірлігі мен ұлттық мақтанышын білдіретін Ту, Елтаңба және Әнұранға арналған салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік