10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАтақты голливуд актері Мадс Миккельсен Астанадағы ComicCon фестивалінің арнайы қонағы болды, деп хабарлайды 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясына сілтеме El.kz ақпарат агенттігі.
«Ганнибал» және «Доктор Стрэндж» жұлдызы Қазақстанның астанасына тәнті болды. Ол сондай-ақ алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлшегі болғысы келетінін айтты.
Мен Астананы жақсы білемін деп айта алмаймын, өйткені мұнда небәрі 30 сағат қана болдым. Бірақ қала өте әдемі деп сенімді түрде айта аламын. Тағамдарыңыз ерекше ұнады, өте дәмді. Мен көп ет жедім, оны қанша жегенімді де айта алмаймын, бұл керемет. Біз Даниядан болғандықтан, Астананы велоспорт командасы арқылы білеміз. Біз Тур де Франсқа барған кезде сіздердің велокомандаларыңыз танымал болды. Олардың велосипед жарысын көру керемет болар еді. Мен көшпенділер ойындарын көріп қана қойғым келмейді. Олардың бір бөлшегі болып, құс ұстап, атқа мінгім келеді, – деді актер.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді