23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Голан жоталарындағы Фауар бітімгерлік базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті. Отан қорғаушы күні орын алған бұл тарихи оқиға символдық маңызға ие, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты іс-шараға миссия командирі генерал-лейтенант Курмал Нирмал және миссия құрамындағы бітімгерлік контингенттердің басшылары қатысты.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын өз бетінше орындауға мандат алуы – ел әскери қызметшілері дайындығының жоғары деңгейін және әлемдік аренадағы беделін мойындаудың дәлелі.
БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес Голан биіктігінде 139 қазақстандық қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау міндеттерін орындайды.
Қазақстанды мемлекеттен тыс жерде таныстыру - үлкен мәртебе және жауапкершілік, - деп атап өтті ұлттық бітімгерлік контингенттің командирі подполковник Жігер Аипов. - Еліміздің көк туы бейбітшілік пен тұрақтылықтың үміттің символы болсын.
Қазақстандық бітімгерлік контингент миссия қолбасшысының резервтік ротасы бола отырып, жауапкершілік аймағында патрульдеу, блок-бекеттерін күзету және жарылыс қаупі бар заттарды тазарту жөніндегі міндеттерді орындайды.
Бітімгерлік ротаның жеке құрамы миссия штабы орналасқан Фауар базасында шоғырланған. Өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қазақстандық бітімгерлер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік