Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыВедомствоның жұмыс тобының құрамында спутник-қалаларда консультациялық және әдіснамалық көмек көрсету үшін құрамында нейрохирургтер, травмотологтар, ортопедтер, кардиологтар, пульмонологтар, онкогематологтар, гастроэнтерологтар (гепатологтар), акушер-гинекологтар, рентгенологтар, онкологтар, инфекционистер бар «Астана медицина университеті» АҚ, Ұлттық ғылыми онкология орталығының, Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ-ның және «ҮМІТ» халықаралық томотерапия онкология орталығының жоғары дәрежелі дәрігерлер бригадасы шықты.
Арнайы бейінді мамандар қалалық ауруханалардың базасында Екібастұз, Ақсу қалаларында жергілікті халықтың денсаулық жағдайына дәрігерлік қабылдаулар мен диагностика жүргізеді.
Министрдің жұмыс сапары бағдарламасында Байет ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктіне, Екібастұздағы қалалық емханаға, Ақтаудағы қалалық ауруханаға бару, Павлодар облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес бар.
Содан кейін өңірдің тұрғындарымен және азаматтық секторымен дәстүрлі кездесу, азаматтарды жеке қабылдау және республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне арналған брифинг өтеді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар